Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағында біртіндеп температура жоғарылайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте батыста, солтүстік-батыста, аптаның соңында шығыста, 17-18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Тіпті жауын-шашын болжанады.

«18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын , 17 наурызда тәулік бойы Маңғыстау облысында да қатты жаңбыр күтіледі. Ал 16-17 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын күтіледі», – деп жазылған хабарламада.

Ауа температурасы республиканың оңтүстік жартысында 8-20 градус жылыға дейін, солтүстік жартысында 0-8 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Болашақ полицейлердің жарысы: тәртіп пен ұйымшылдық сынға түсті

Түркістан облысы Полиция департаментінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ауқымды спорттық сайыс ұйымдастырылды. Оған облыстың Түркістан, Сауран,...