Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Ауызашардан кейін темекі шегуге бола ма? Имам жауап берді

Танымал

Ел аузында

Ауызашардан кейін бірден темекі шегуге бола ма? Бұл сұраққа Нұрлан имам әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Имамның жауабы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. 

«Негізі шекпеген дұрыс қой. Бірақ, егер ол адам 10-15 жыл бойы темекі шегетін болса, ораза кезінде оны тастау қиын болады. Сондықтан оған уақыт беру керек. Бәріміз ол адамға бұл арам деп айтатын болсақ, ол темекі тастай алмайтынын айтып, ораза ұстаудан бас тартады. Одан да оны қолдайық, бәріміз теңбіз ғой. Неге біз бір-бірімізді төмендетеміз? Неге кейбір адамдар намаз оқып бастаған кезде адамдарды екіге бөліп бастайды? Мен бұлай жасай алмаймын. Ұлтымыз бір, әр қазағым – жалғызым, мен оларды бөлмеймін, намаз оқыса да оқымаса да, тіпті ішімдікке салынған болса да, ол менің бауырым. Осы себепті бәріңізден адамдарды бөлмеуді сұраймын. Қоғам жұмыста да, көшеде де, мешітте де бөлінеді. Бөлінгеннен гөрі, бәріміз жиналып, бір болуға тырысайық», – деп жауап берді имам. 

Айта кетейік, бұған дейін Ораза-2024. Сәресін ерте ішіп қою қаншалық дұрыс екені хабарланған болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ «АНА ТІЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

2025 жылғы 21 мамырда Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тілінен «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының...