Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Тәрбиелі болып, өмір сүрудің маңызы зор

Танымал

Ел аузында

Солжағалау аудандық пробация қызметінің негізі мақсаты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған адамдардың арасында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүргізу болып табылады. Пробация қызметкерлері бұрындары сотталғандарды тәрбиелеу негізінен идеологиялық жұмыстар арқылы жүргізілген болса, қазіргі уақытта олардың жұмысы ізгілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және жақсы өмір сүріп кетуге,  адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асыруда. Сотталған В.И.Б. 25.08.1977 ж.т., 18.02.2022 ж. ШҚО Өскемен қаласы  №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-ң 106 бабы 1 бөлігімен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу  жазасы тағайындалып, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіне тұрды.

Сотталған В.И.Б. бас бостандығынан шектеу жазасын өтеу барысында ешқандай құқық бұзушылыққа жол берген жоқ, байқаусызда осы қылмысқа барғандығын мойындады, өзінің түзу жолға түскенін дәлелдеді. Сол себептен 09.04.2024 ж. ШҚО Өскемен қаласы №2 сотының қаулысымен сотталған В.И.Б.мерзімінен бұрын босатылды.  Осындай нәтижелі және сүргендерді оң жолға салатын жұмыстар көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.

Сондықтан біздің өскелең ұрпаққа  саналы тәрбие беріп, жат қылықтардан аулақ ұстауға ат салысайық.

                                                     Г.М.Таткенова, ШҚО бойынша ҚАЖД

                                                      Солжағалау аудандық

                                                      ПҚБ аға инспекторы

                                                      әділет капитаны

                                                     

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...