Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Мамыр айында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Консультативтік болжамға сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жиі жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр, кей күндері найзағай, қатты жел және бұршақ жауады. Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында,шығысында,оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде қарға ұласатын жаңбыр болуы мүмкін.

Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында  түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін;

елдің оңтүстік жартысында – түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін.

елдің батысында түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде жылы ауа массаларының Иран аудандарынан қарқынды шығарылуымен ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанып отыр:

республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін;

оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстыққа дейін.

Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, ыстықтың аздап төмендеуі – солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтілуде.

Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деп күтіліп отыр.

Мамыр айында жауын шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Барлық аурудың емі – адамның миында». Психосоматика мамандары қауымдастығының II съезі өтті

Алматыда "Психосоматика мамандары қауымдастығының" психоматиканы ғылым арқылы ашуға арналған екінші съезі өтті. Съездің негізгі міндеті - психосоматиканы ғылым тұрғысынан...