Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Қатерлі ісіктің кез келген түрінің алдын алуға көмектесетін тамақтану түрі

Танымал

Ел аузында

Онколог Антон Иванов қатерлі ісік қаупін азайтуға көмектесетін бес негізгі ереже барын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Газета.ru» сілтеме жасап.

«Калориялы және салмақ қосуға ықпал ететін тағамдарды тұтынуды шектеген дұрыс. Артық салмақтың салдарынан зат алмасу бұзылады. Зат алмасу процесі дұрыс болса, жасушалар қоректенеді және өмір сүреді. Денеде ақау пайда болғаннан кейін жасушаларда мутация басталады, олар бөліне бастайды. Жасушаішілік деңгейде дұрыс жұмыс істемеу әртүрлі салдарға әкеп соқтырады», – деді Антон Иванов.

Сондай-ақ, Антон Ивановтың айтуынша, қызыл ет тұтынуды шектеу маңызды. Сиыр, бұзау, шошқа, қой, жылқы және ешкі еті сияқты қызыл ет құрамында көптеген пайдалы ақуыз, В дәрумендері, гем темірі бар. Ал гем темірі мөлшерінің артық болуы бос оттегі радикалдарының, яғни дененің жасушалары мен генетикалық материалын зақымдауы мүмкін молекулалардың көбеюіне ықпал етеді.

Бұл қабынудың пайда болуына әсер етіп, ол тоқ ішек жасушаларының жойылуына және қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

«Сондай-ақ көкөніс, жеміс және дәнді дақылдарды қоса алғанда, өсімдік тектес тағамдарды көбірек тұтынған жөн. Олардың құрамында қатерлі ісікке қарсы антиоксиданттар, диеталық талшықтар және басқа да көптеген пайдалы зат бар. Тағы бір маңызды мәселе – алкогольді тұтынуды азайтып, тұзды шектеу және көгерген тағамдардан аулақ болу керек», – деп қорытындылады дәрігер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Барлық аурудың емі – адамның миында». Психосоматика мамандары қауымдастығының II съезі өтті

Алматыда "Психосоматика мамандары қауымдастығының" психоматиканы ғылым арқылы ашуға арналған екінші съезі өтті. Съездің негізгі міндеті - психосоматиканы ғылым тұрғысынан...