Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

ЭКСПЕРИМЕНТ НЕОРОМАН

Танымал

Ел аузында

Қолыма жазушы-драматург Әлібек Байболдың «Мұтылған» деген романы түсті. Оқыдық. Ойландық. Неороман өзінің сюжеттік-композициялық құрылысымен, жанрлық-стильдік ерекшелігімен баурап та алды. Ендеше, жанрға сай, ерекше шығарма турасындағы ойымызды тарқатып көрейік:

 Біріншіден, метароман. Жалпы әдебиет те жанрлар теориясы трансформацияға ұшырап отырады. Түрленеді. Асыл сөз өзін-өзі түсіну, зерттеу жолында заманына қарай, жасаушы жазушыларға қарай өзгеріп келеді. 1960 жылдары әлемдік әдебиет – соғыстан кейінгі реализм дәуіріннен кейін дәстүрге айналған жаңа эксперименттік жанрлар іздеді. Сөйтіп, жалт етіп метапроза, метароман (metafiction) – ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңында Уильям Гусамның  «романның философиясы мен формалары»  еңбегінде ұсынылды. Антироманнан айырмашылығы, метараман – бұл роман туралы роман, романдағы роман немесе оның жасалуын, жаратылуын, оқырманға әсер етуін ашатын шығарма. Автор шығарма ойының (рефлексия) обьектісі де, субьектісі де бола алады. Кейіпкер мен автор бір осылайша, постмодерндік жазушылар дәстүрлі жанрмен, реалистік романның канондарымен ойнады (құбылтты, түрліше формаға салды). Осы орайда, «Мұтылған» авторы:

Сақтамаймын жанға кек,

Не десе де сыртымнан.

«Міндеген аузың мынау», – деп,

Қан ағызса мұртымнан.

Дұспаным жоқ, досым жоқ,

Қайғыдан да шошу жоқ,

Рахат іздеп тосу жоқ,

Бір жындымын құтырған.

Жаралы жаным шықсын деп,

Қара жер мені жұтсын деп,

Өлген соң елім мұтсын деп,

Атымды қойдым – «Мұтылған», – деген қажы Шәкәрімнің өлеңін концепсия ретінде алады. Шығарма жұрт Мұтылған деп кеткен Мұрат атты кейіпкердің ішкі ой майданы, сана соғысы арқылы жүреді.

Метароман жанрының басты кейіпкерлері – ерекше болып келеді. Жалғыз, қоғамда қабылданбаған, өзін анонимді тәртіптің құрбаны ретінде сезінеді, кейде оның аты да болмайды. Сол секілді Мұтылған айналасындағы «Жоғалған ұрпақтың» өкілі болғысы келмейді, ішкі арпалыспен, өзіндік қағидамен шеңбер сыртын өзгерткісі, мән бергісі келіп тұратындай.

 Метароманда автор мен кейіпкер арасындағы байланыс мынадай екі жолмен жүреді. Бірі автор мен кейіпкер бір әлемде болса, екінші жол – автор кейіпкер әлемінде, тіпті шығарманың мета әлемінде болмауы да мүмкін. Тек шығарма үстінен өзіндік пікірін, талдауын жасап отырады. Оқиғаға сырттай қозғаушы күш болады. Біріншісіне мысал – «Евгений – Онегин» шығармасындағы автордың «Онегиннің досы», жасаушысы ретінде берілуі болса, екіншісіне таза мысал – «Мұтылған» романы.

 В. Б. Зусева-Өзкан атап өткендей, «Метароман – бұл екі қырлы көркемдік құрылым, мұнда оқырман үшін шығарма тек «кейіпкер романы» емес, өзінің кейіпкерлерінің тарихы туралы ғана емес, кейіпкермен бірге жасасу, романдыбірге жасау баяндалады. Немесе, «Егер шығарма тұтас, өзгеше әлем ретінде талқыланса ғана, роман – метароманға айналады». Яғни автормен кейіпкер арасында дербес ой болуы тиіс, жеке-жеке, бірақ тұтас! Әйтпесе, шығарма кейіпкерінін әлеміне автор шапқыншылық жасай берсе, бұзылып кететіні түсінікті. Қаламгер осы қағиданы жақсы ұстанған, синтез жақсы жасалынған. Мұтылғанды ашу, кейіпкердің жан-жақты көрсету, автор ойымен сабақтас қылып жазу – шеберлік деп білемін. Бұл миссия тамаша орындалған.

 «Мұтылған» романы құндылықттардың ауысуын, күйреуін әдемі көрсеткен. Тіпті сарказм, ирония, мысқылдап тұрғандай. Шығармадағы ауыз әдебиетінің кейіпкерлерінің кіруі, Есеке, Қашеке, Итеке, Доқа, Құзғын сынды кейіпкерлер жақсы қолданылған. Шымшып шыңдықты көрсету емес пе?

 Одан бөлек, жұмақтың алдындағы қақпа алдындағы оқиға, сайлауға өлілердің қатысуы, қылмысты ашуы, радиодағы хабарландыру, әулие әйелмен кездесу сынды қысқа эпизодтар канондық оқиғадан сырттай жүріп отырады. Автор бұны не өз атынан, не кейіпкердің үзіліс ойы секілді берген. Неге десеңіз? Міне – әр ішкі мәтін бір ой түйгізіп отырады. Оқиға кеңістігі Т деген жұмбақ ауылда өтіп жатыр. Т ауылы жайлы автор «Т ауылы жұртының мінезі қызық, әпенделеу десек дөп түсеміз. Олардың қытығына тимесең – мінезі жайлы, қонақжай, ашуландырып алсаң – қырсық, қыңыр, кертақыс, керісигіш. Т-ның өз белдеуі, өз сағаты бар. Олар әп кез көңілді жүреді, мұңаятындар некен-саяқ. Ауылдың толық атауы жоқ, жай ғана Т» деп көрсетеді. Оқып отырсақ, Т ауылында даңагөй де бар, дарақы да бар, данышпан да бар, дауылпаз да бар. Қағылған-соғылғандармен жарысқан, жағаласқан ел түсінбейтін өзгеше Мұтылғанның машақаты. Әр ішкі мәтіннен соң қасында жүрген не тұрған адамның жоқ болып шығуы – кейіпкердің ой үстіндегі тапқан диалог-кейіпкерлері. Өткенің сараптауы. Себебі бүкіл оқиға Мұтылғанның ой елегі. Бұны автор «…Дәл осы кезде шылым ұшындағы күл опырыла сынып, жерге құлап бара жатты…» деп көрсеткен. Деталь! Оқырман оқиға желісі өтіп жатыр, нақ осы шақ ретінде көруі мүмкін, бірақ бұл шылым тартым уақытта өткен өткенге деген ауыр сапар! Жәй сапар емес, ақырзаманның келуін түсінген адамның ой сапары. Бұны: роман соңындағы ««…Болды, бүгіннен бастап темекіні қоямын. Өмірді қайта бастаймын…» деп ойлады жігіт тағы бір шылымын тұтатып… «Соңғы рет!…» Аузы мұрнынан түтін будақтатқан сабазың қою қара түнекке сіңіп барады, сіңіп барады…» деген жерінен көре аламыз. Ал ақырзаманның – жер бетінің бе, рухани құндылықтың ба оны оқырман өзі шешер… 

Құрқұдықтағы тарих қайталана ма, жоқ па? Шығарманың ой салдырған басты сұрағы – осы. Шығармадағы Мұтылған қай Мұтылған? «Жоғалған ұрпақ» болсақ Т ауылы – Т ауылы боп қалады. Құрқұдыққа әлі талай асыл түседі… Оқи отырып өзіңді я болмаса айналаңдағы тұстасыңды көруің бек мүмкін.

 Жалпы шығарма – эксперимент, мета жанрға бейімделген, жаңашыл неороман.  Қаламгер философиялық ой тартыстар арқылы қоғамның дертін, қасіреті мен екіжүзді кейпін жақсы көрсетіп, көркем сомдай да, суреттей де білген. Жазушы Әлібек Байболдың ізденімпаз, интеллектуал, энциклопедициялық терең білім иесі екеніне тағы да көзіміз жеткендей. Әйтпесе, туындыдағы сюжеттерді құру, композициясындағы кейіпкерлердің алуандылығы һәм шығыстық, батыстық мифтік линия және де қала культі мен діни тақырыптарды бір жүйеге келтіре жазу оңай дүние еместігі аян.

Қазақ оқырманы,  қамбаға түскен тұңғыш метароман құтты болсын!

     Жанболат АБАЙХАН,

ақын, алаштанушы,

Qyr Balasy қоғамдық қорының президенті

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...