Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Алматыда тұрмысы төмен жандарға арналған тегін асхана ашылды

Танымал

Ел аузында

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады.

Алматыда халықтың тұрмыстан тарылған топтары үшін әлеуметтік асхана ашылды. Игі бастама «Үйлі болайық» қайырымдылық қорының мұрындық болуымен жүзеге асқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады. Ал қасиетті жұмада күні бойы кез келген уақытта осында келіп тамақтануға болады. Қайырымды жандар мұндай асханалардың санын арттыру жоспарда барын айтады.

«Алдағы жоспар бойынша әр ауданнан, мешіттің жанынан кішігірім осындай асхана, мейманхана ашып, жағдайы жоқ отбасылар мен көше сыпырып жүрген азаматтарымызға күннің суығында ыстық шай ішіп, жылынып кетсін деген мақсатта ашып жатырмыз. Бүгінге дейін 8 қалада кеңсеміз ашылды. Алдағы уақытта кеңсеміз ашылған әр қаладан осындай әлеуметтік мейрамханалар ашу жоспарымызда бар», – деді «Uili Bolaiyq» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Сұңғат Байғон.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Образование как прикрытие: казахстанская семья берёт сотни миллионов и не возвращает?

В эпоху, когда доверие – самый ценный актив, всё чаще под удар попадают люди, чья внешняя репутация не совпадает...