Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-16 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Шерзат ісі: сот қашан басталуы мүмкін?

Танымал

Ел аузында

16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот қашан басталады? Бұл сауалға зардап шеккен тараптың адвокаттары жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокат Саида Тәукелеваның айтуынша, қорғаушы тарап іс материалдарын зерттеп үлгерген. «Үлкен көлемде болғанына қарамастан қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтадық. Қазір екінші тарап қылмыстық іс материалдарын зерттеуге кірісті. Олар зерттеуді аяқтаған кезде тергеу органы бізге хабарлайды. Одан кейін сот отырысы қашан басталатыны түсінікті болады. Бірақ болжам бойынша наурызда іс сотқа берілуі мүмкін. Наурызда қылмыстық іс бойынша тыңдаулар басталуы мүмкін», – деді ол.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

«Қазақ болып күресеміз». Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған «Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар» деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Арада біраз уақыт өткенде Шерзаттың ағасы да өлі табылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Полиция алаяқтыққа қарсы банк, ұялы байланыс операторлары басшылығымен кездесу өткізді

Қазіргі таңда интернет-алаяқтық қылмыстарының жай-күйі күн тәртібінен түспей келеді. Осыған байланысты полицейлердің ұйымдастыруымен сот, прокуратура, басқа да тиісті сала...