Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Еңбек еленетін жыл: бірқатар еңбек иелері марапатталды

Танымал

Ел аузында

Қашан да еңбек еленуі, ерлік дәріптелуі ал игі істің насихаты артып, басқаларға үлгі болуы керек. Сонда ғана ізгі қоғам құру жолындағы еңбек ақталады. Соның бір дәлелі жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбек иелерінің қызметіне сай құрмет көрсетілуі қажет екенін атап өткен болатын. 

«Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады. Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.

Еңбек еленуінің бір белгісі оларды марапаттап, құрмет көрсету екені даусыз. Бұл жолы мұндай игі қадамның ұйытқысы қоғам қайраткері, Қазақстанның Ардагерлер қауымдастығының мүшесі, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері Құйқабаев Дидар Әскербекұлы болды.

Марапатталған жандардың ішінде ұстаз да, кәсіпкер де, спортшы, блогер, дәрігер мен журналист те бар. Марапаттау кешінде сөз алған Дидар Әсербекұлы «Қару мен қаламды қатар ұстаған, қан майданда қаруымен елін, жерін қорғап, қаламымен сол елдің әдебиетіне, руханиятына, мол мұра қалдырған даңқты жауынгер, Кеңес Одағының Батыры, жазушы, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс», «Батыр шапағаты» және «Ел жанашыры» төсбелгілерін табыстағымыз келеді. Бұл оларға берілген мотивация. Еңбегін елей отырып, ары қарай да Тәуелсіз еліміздің дамуы жолында қызмет ете беруіне берілген зор сенім» деп атап өтті. Марапатталғандардың бірі Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Фель Игорь Гарриевич «Бұл бізге артылған үлкен үкіленген үміт, енді соған сай қызмет ету міндет» деп атап өтті. «Намыс» төсбелгісімен марапатталған жаттықтырушы марапатқа риза болғанын да жасырмады.

Түрлі мамандық иелерінің еңбегіне сай құрмет көрсете отырып, олардың алдағы уақыттағы жоспарларын ортаға салып, жаңа Қазақстанды құру жолындағы ұсыныс ой пікірлері де талқыланды. Әр саланың маманы көкейде жүрген ойларын ортаға салып, өзара пікір де алмасты.

Әрқайсысы әр саладағы мамандық иелері екеніне қарамастан оларды біріктіретін ортақ ұя Қазақстанды дамыту идеясымен тоғысуы қуантпай қоймайды. Еңбекқор, өз елінің жанашыры осындай жандар барда ел ертеңінің жарқын боларына еріксіз сенесің! Президент сөзінің жерде қалмай, еңбек иелерінің еңбегіне сай құрмет көрсетіліп жатқаны қуантады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы қаласында түнгі рейдтер жүруде

Алматы қаласының Түрксіб ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Заң мен тәртіп" жобасы аясында...