Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Жаңалыққа толы жаз: маусымда қазақстандықтар не оқыды, көрді және тыңдады?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда маусым айы мәдениет пен ойын-сауық кеңістігінде ерекше мазмұнды болды. Жаздың алғашқы ыстық толқыны шабыт пен жаңалықтар маусымына бастау берді: қазақстандықтар кітаптардан жаңа кейіпкерлерді, фильмдерден жазғы көңіл-күйді, ал музыкадан өздерінің жеке әуендерін іздеді.

Біз маусым айында оқырманның, көрерменнің және тыңдарманның талғамын қалыптастырған ең маңызды таңдауларға шолу жасадық.

Яндекс Кітаптан не оқыды?

Кітап әлеміндегі жаңалықтардан бастайық. Маусым айы әдетте бұрыннан оқимын деп жоспарланған хиттарға қол жететін уақытқа айналады. Демалыста, саяжайда немесе терезесі қалаға қараған кафеде – қазақстандықтар баурап алатын, шабыттандыратын әрі ойға жетелейтін әдебиетке қайта оралады.

Бұл жолы топта уақыт сынынан өткен шығармалармен қатар, жаңа жарық көрген туындылар да бар.

Мысалы, қайта құру кезеңіндегі достық пен есеюді баяндайтын, «Русская премия-2024» лауреаты, қазақстандық жазушы Тимур Нығматуллиннің «Я не вру, мама» кітабы.

Сондай-ақ жаңа маусымы шығатын сериалға орай оқырмандар «Игра в кальмара. Неофициальный гайд по самому популярному сериалу года» кітабына қызығушылық танытып отыр.

Танымал ғалым Қаныш Сәтпаев туралы «Қаныш және ғылыми майдан» атты өмірбаяндық кітапқа да жазылушылардың қызығушылығы ерекше.

Сонымен қатар, оқырмандар арасында корейлік өзін-өзі дамытуға бағытталған бестселлер Ким Хэ Намның «Я слишком много думаю. Как я избавилась от тревожных мыслей и нашла душевную гармонию» және Питер Боландтың «Убийства в пляжных домиках. Детективное агентство «Благотворительный магазин» атты жазғы детективі сұранысқа ие болды.

Кинопоискта не көрді?

Маусым кино мен сериалдың премьераларына ерекше бай болды: стримингтік платформаларда бірден бірнеше жаңа туынды пайда болды. Жазылушылар жеңіл жазғы комедияларды да, ойландыратын фильмдерді де таңдап отырды. Қазақстандық контент те назардан тыс қалған жоқ — фильмдер мен сериалдар көрермен таңдауының бір бөлігіне айналып келеді, әсіресе жастар арасында.

«Молда», «Мастер», «Крэйвен-охотник», «Мәди in China», «Бұл Махаббат! (Из Гонконга с любовью)» — маусым айының ең танымал 5 фильмі.

Яндекс Музыкада не тыңдады?

Маусымның соңында музыкалық бөлімнің редакторы қазақстандық рэп орындаушы Truwer болды. Ол «На ринге» атты авторлық тректер топтамасын дайындады — дәл осы әуендермен өзі жаттығып, күш жинайды екен. Егер «қосылуға» және энергия алуға көмектесетін әуен іздесеңіз — тыңдап көруді ұмытпаңыз.

Шілдеде не оқып, не көруге болады?

Егер жан мен миға әсер ететін жаңа мәдени дүниелер іздеп жүрсеңіз — алдағы айға қысқаша гид ұсынамыз.

Кинопоисктан көретіндеріңіз…

Мафия (жақында) – шағын ауылда бірінен соң бірі жұмбақ өлімдер орын алатын қылмыстық оқиғаны баяндайтын қазақстандық триллер. Достардың шетінен қайтыс болуын жергілікті халықтың өзін-өзі өлтіру деп қабылдағанымен, учаскелік полицей Рахым бірқатар күмәнді сәйкестіктерді байқап, жеке тергеуін бастайды.

Этерна – қызықты экшн-сценалары бар эпикалық сага. Ұлы қиямет — әлемнің соңын болжаған құдай-жаратушылардың сөзі шындыққа айналатын сәт жақындап келеді. Әлемді өзара қақтығыстар мен ымырасыз билік таласы жайлап алған. Алайда, тағдырдың ағысын өзгертіп, өліп бара жатқан әлемді тек махаббат қана құтқара алады.

Маған әке керек! (жақында) – бойдақ өмірін рахаттанып өткізіп жүрген табысты радио жүргізуші туралы жеңіл комедия. Бәрі өміріне кішкентай баласы бар әйел кіріп келгенде өзгереді. Әйел өзін оның қызы, ал баласын немересі деп таныстырады.

Гәп — бес отбасылық жұптың бірінен соң бірі ұйымдастыратын ерекше кешкі дастарханы туралы қызықты оқиға. Бір күні үй иелерінің бірі келесі кешкі астың Камбоджада өтетінін жариялайды.

Ганзель и Гретель 2. Миссия “Спящая красавица” – ең үздік суперагент Гретель мен оның айлакер ағасы Ганзель ханшайымды сиқырлы ұйқыға кімнің батырғанын анықтауы тиіс. Олар күтпеген серіктесі – батыл ханзада Рагнармен бірге бүкіл сиқыр әлемін төңкеріп тастауға мәжбүр болады.

Соловей против Муромца (жақында) – көне орыс ертегілерінің кейіпкерлері туралы заманауи форматтағы фантастикалық шытырман оқиға. Илья Муромец пен Соловей-қарақшының шайқасы біздің заманымызда да жалғасуда, бірақ енді олар “Робоаренада” кездеседі.

Яндекс Кітап жаңалықтары

Шілде айында Илья Одеговтың “Кочевые повести” кітабын оқуды ұсынамыз — қазіргі заманның үні мен мәңгілік тақырыптар тоғысқан үш хикая.

“Казахские мифы” кітабы оқырманды қазақтардың ғажайып, сан қырлы әрі қаһармандық мифологиясымен таныстырады, ал фэнтези жанрындағы жаңалықтар — Вилл Нокстың “Кровь избранных: Люди” және Дана Найдердің “Ген превосходства” туындылары сізді жаз бойы фантастика әлеміне жетелейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...