Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
33.3 C
Shymkent

Наурызбай ауданының демалыс орталықтары тәрбиеленушілері Шарын шатқалына экскурсия жасады

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтары тәрбиеленушілері Шарын шатқалына экскурсия жасады.

19 шілде күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында білім алып жатқан балалар үшін Шарын шатқалына танымдық бағыттағы экскурсия ұйымдастырылды.

Сапарға 50 бала және жетекшілері қатысып, еліміздің бірегей табиғи ескерткіші — Шарын шатқалының тарихи-географиялық ерекшеліктерімен танысты. Балалар шатқалдың әсем табиғатын тамашалап, экологиялық мәдениетке байланысты тың ақпараттар алып, белсенді серуен өткізді.

Іс-шараның мақсаты — балалар мен жасөспірімдерге табиғатты аялау, туған өлкені сүю, тарихи жерлерді тану бағытында тәрбие беру, сонымен қатар, олардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыру.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауи іліміне жаңа көзқарас: Түркістанда ғылыми дөңгелек үстел өтті

Түркі руханиятының темірқазығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи іліміне бүгінгі күннің көзімен қарау – ғылыми орта үшін аса өзекті мәселе....