Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
33.3 C
Shymkent

50 бала Жетісу ауданынан Шарын шатқалында демалды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Жетісу ауданының демалыс орталықтары тәрбиеленушілері Шарын шатқалына танымдық сапарға барды

19 шілде күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Жетісу ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған Шарын шатқалына танымдық бағыттағы экскурсия ұйымдастырылды.

Шара аясында 50 бала мен олардың жетекшілері еліміздің табиғи жауһарларының бірі — Шарын шатқалына барып, оның ғажайып ландшафтымен, тарихи ерекшеліктерімен және географиясымен жақынырақ танысты. Табиғат аясындағы жаяу серуен балалар үшін ерекше әсерге толы болды: олар жаңа мәліметтер біліп, табиғатпен етене араласып, қоршаған ортаның сұлулығын сезінді.

 Сапардың негізгі мақсаты — балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған өлкені сүюге баулу және патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар, жазғы демалыс уақытын мазмұнды, белсенді әрі есте қаларлықтай өткізуге жағдай жасау.

 Бұл — Жетісу ауданы демалыс орталықтарының жазғы бағдарламалар легіндегі кезекті табиғатқа серуені. Бұған дейін балалар үшін Көлсай көліне де осындай қызықты саяхат ұйымдастырылған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауи іліміне жаңа көзқарас: Түркістанда ғылыми дөңгелек үстел өтті

Түркі руханиятының темірқазығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи іліміне бүгінгі күннің көзімен қарау – ғылыми орта үшін аса өзекті мәселе....