Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат берілді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жастармен ауқымды кездесу өтті. Шараға Түркістан облысы прокуратурасының аға көмекшісі Ақбұлан Алжанов, Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Марат Бимаханов, вице-ректор Еділ Төлегенов, Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова және 600-ден астам студент қатысты.
Кездесу барысында жастарға құқықтық және тәрбиелік бағыттағы «Не книжные закладки» және «Хулиганка» фильмдері көрсетілді. Фильмдерде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, буллинг және есірткі қылмысының салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Спикерлер жастарға құқықтық сананы қалыптастырудың маңызын атап өтіп, дұрыс өмірлік бағыт таңдау қоғам қауіпсіздігі үшін маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ құқық бұзушылыққа жол бермеу және заң талаптарын сақтау қажеттілігі айтылды. Түркістан облысы полиция департаменті мұндай профилактикалық шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталғанын хабарлады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай тіршілік кешуде. Олар түрлі салада қызмет атқарумен қатар сол саланың...