ОҚО-да денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы үйқамаққа алынды

Танымал

Ел аузында

Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жұмағали Исмаилов үйқамаққа алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы («Параға коммерциялық сатып алу» және «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу») бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айта кетейік, бұрынғы басқарма бастығы осы күнге дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры қызметін атқарып келген.

Жалпы, даудың басы 2012 жылы басталған болатын. Ол кезде облыстағы ауруханалардың 28 бас дәрігері облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің атына облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаиловтың жұмыстан шығуын талап етіп, хат жолдаған болатын. Медицина қызметкерлері өз бастықтарының дөрекілігінен шаршағандығын айтып, тендер өткізу кезінде кейбір компаниялардың мүдделерін қолдайды деп айып таққан еді. Сонымен қатар басқарма басшысы тарапынан қуғынға түсіп, жұмыстан шығып қалған аймақ дәрігерлері оларды жұмысқа қайта орналастыруын талап етті. Осыдан кейін оқиғаны тексерумен облыстық әкімшілік жанындағы арнайы құрылған комиссия айналысты. Комиссия жұмысының қорытындысы нәтижесінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов аймақтың денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаиловқа сөгіс жариялаған болатын. Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы  бастығының қоласындағыларға қатысты мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін бұзғандығы анықталған еді.

Ал, 2014 жылы облыстық прокуратура медицина саласына ауқымды тексеру шараларын жүргізіп, көптеген заңбұзушылық деректер анықтаған болатын. Соның салдарынан 20-дан астам емдеу мекемесінің басшылары қызметінен шеттетілген. 2015 жылдың қаңтарында Жұмағали Исмаилов өз еркімен жұмыстан босап қалғаны белгілі. 

https://kaz.inform.kz/news/oko-da-densaulyk-saktau-baskarmasynyn-buryngy-basshysy-uykamakka-alyndy_a3019124
https://kaz.inform.kz/news/oko-da-densaulyk-saktau-baskarmasynyn-buryngy-basshysy-uykamakka-alyndy_a3019124

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в эксплуатацию новая поликлиника, рассчитанная на приём 250 посещений в смену....