Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Қазақстан вакциналау қарқыны бойынша ТМД-да көш бастап тұр – Мамин

Танымал

Ел аузында

Халықтың 75%-іне вакцинаның бірінші компоненті, 69%-іне екінші компоненті салынды.

Қазақстанның премьер-министрі коронавирус жұқтыру бойынша елдегі жағдай қазір біршама жақсарғанын айтты. Қазақстан коронавирусқа қарсы халықты вакциналау бойынша ТМД-да бірінші орында тұр, деп мәлімдеді премьер-министр Асқар Мамин.

«Халықтың 75%-іне вакцинаның бірінші компоненті, 69%-іне екінші компоненті салынды. Бұл ТМД елдері ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш», – деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта коронавирусқа қатысты жағдай жақсарғанын айтты. Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.

Үкіметтің болжамы бойынша, жақын уақытта Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймаққа өтуі керек.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 8,5 миллион (75%) адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, ал 7,8 миллион адам (69%-ке жуық) вакциналаудың толық курсынан өтті. Ересек адамдар «Спутник V», Verocell, Qazvac препараттарын салғыза алады.

Қарашада Қазақстанда 12 жастан асқан балаларды, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау басталды. Бұл топтағы адамдарға Pfizer препараты салынды.

2021 жылдың қарашасының соңында коронавирусқа қарсы қайта вакциналау басталады.
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...