Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

Танымал

Ел аузында

Полиция жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлауға, қала сыртына шықпауға кеңес берді

 Елордалық полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге жолда барынша мұқият болуды ескертті.

Астанада түні бойы қар жауды. Салдарынан жолдарды қалың қар басып, көлік қатынасы қиындады. Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, қазір арнайы техника көшелерді қардан тазалап жүр. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

«Жүргізушілерді мұқият болуға және көліктерін жол бойына қоймауға, қоғамдық көліктің қозғалысына және қар тазалаушы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық  режимі мен қауіпсіз ара қашықтықты қатаң сақтаңыздар»,- делінген хабарламада.

Полиция көктайғақ пен бұрқасын жолдағы адамдарға қауіп төндіретінін атап өтіп, жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлауға, қала сыртына шықпауға кеңес берді.

Жаяу жүргіншілерге де барынша сақ болу керектігін ескертті. Жолды кесіп өтерде телефонға телмірмей, құлаққапты шешіп, көлік жүріп келе жатпағанына көз жеткізген абзал.

Елорда полицейлері тұрғын үйлерге қызмет көрсететін компаниялар да ауладағы қарды уақытында тазалауы қажет екенін мәлімдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...