Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Қарағандыда көпбалалы отбасының әр баласына 30 теңгеден АӘК тағайындалған

Танымал

Ел аузында

Қарағандыда көпбалалы отбасының 4 баласына 30 теңгеден атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Соңғы екі айда отбасы жалпы есепте 244 теңге алған. Жыл басында отбасы бір мәрте көмек алған екен. Кейін аулада егулі картобың бар деп, ол жәрдемақыны бермей қойған, деп хабарлайды “КТК” арнасы.

Халықты әлеуметтік қорғау бөлімі кейінгі уақытта аталған отбасының табысы өскенін айтады. Сондықтан жүйе отбасының шекті кірісін есептеп, соңғы екі айға 244 теңге тиесілі деп шешкен.

60 жыл бұрын саманнан салынған үй құлайын деп тұрса да, шарасыз отбасының қазіргі панасы. Жыл басында 125 мың теңге атаулы көмекті алдық дейді. Алайда жазда ол да тоқтапты. Сөйтсе комиссия ауладағы алақандай жерге егілген картопты есептеп, табысқа кенеліп отырғанын анықтаған.

“Шықаны бір жарым, екі мөшек картоп. Соны біз алты отбасыға бөлдік. Содан бөлгенде қаптың түбі ғана қалды”, – деп ашынады отбасы мүшелері.

Қабырғасы қақырап, төбесінен суы сорғалаған баспананы жылытатын көмір де аз қалған. Балалардың жәрдемақысы мен жарының айлығы оған артылмай тұр. Атаулы көмекке қайта арыз бергенде билік мақұлдапты. Бірақ тағайындалған қаражат сомасы көпбалалы ананы есеңгіретіп тастаған.

“244 теңгені есептегенде, мен әр балаға екі айға 60 теңгеге памперсі мен нанын алып беруім керек екен. Бір айда әрқайсысына 30 теңгеге нан да ала алмаймын. Ол жағын енді айта алмаймын, бізді мазақ қылып отырған секілді”, – дейді көпбалалы ана Дариға Қазанғапова.

Биліктегілер ауладағы картоптың көлемі әлеуметтік көмекке аса ықпал етпейді деп ақталды. Мұнда жәрдемақы мен отағасының жалақысы есептеліп тұр екен. Сондықтан осындай сома шығып тұр.

“122 теңгеге қосымша отбасы балаларға азық-түлік жиынтығын алады. Ол: сүт, дәнді дақылдар, нәресте азығы. Сонымен отбасындағы екі бала мектепте тегін ас ішіп жүр. Мемлекет кепіл берген көмектің барлығын алып жатыр”, –дейді Қарағанды қаласы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бөлімінің басшысы Людмила Харитонович.

Шенеуніктер ортақ жүйе есептеп шығаратын соманы еш өзгерте алмаймыз деп отыр. Алдында пәтер жалдаған отбасындағылар бала саны өскенде қысылғаннан туыстарының бос үйіне кірген екен. Армандары – жеке баспаналы болу. Әзірге олар пәтер кезегінде 1680-ші орында тұр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...