Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Қазақстан ауыр атлетикасында кезекті жанжал: Спортшыны Әлем чемпионатының алтынынан өз бапкерлері айырған ба?

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық ауыр атлетші, қазіргі таңдағы Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Алексей Дроздов Ташкентте өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатына спортшыларды іріктеу әділетсіз жүргізілгенін айтты. Спортшының видео үндеуі Ushtobeqz.

Алексей Дроздов өзінің халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның рекордсмені және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері екенін атап өтеді. Бір ай бұрын өткен Қазақстан чемпионатында спортшы 61 келіге дейінгі салмақта рекорд орнатқан.

Алексей Ташкентте өткен әлем чемпионатында кореялық спортшы жалпы салмағы 288 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алғанын, ал қараша айында өткен Қазақстан чемпионатында ол жалпы салмағы 295 келіні жинап, рекорд орнатқанын айтады.

«Мен жақсы формада болдым және қазір де солай, әлем чемпионатында ең жоғары нәтижені оңай көрсетуге дайын болдым, алайда ешқандай себепсіз мені апармады. Мені әлем чемпионатына апарам деп уәде беріп, бірақ орныма легионер Арли Чонтейді апарған бапкерлер штабына наразылығымды айтамын. Неліктен маған әділетсіздік жасалды?», – дейді спортшы.

Өзінің жазбасына автор екі жазбаны қоса жариялаған: оның бірінде Оңтүстік Кореялық спортшы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль әкелген штангасын көтереді, екіншісінде Алексей Дроздовтың жаңа республикалық рекорд орнатқан сәтін көруге болады.

Еске салайық, ұлттық құраманың сайланған, бірақ қызметіне кірісе алмаған бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов те Алексей Дроздовты әлем чемпионатына апармағанына таңданысын жасырмаған.

Альберт Линдердің қазасы және ауыр атлетикадағы жанжал

Қазақстандық ауыр атлетші, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы Альберт Линдердің қайтыс болғаны 17 қыркүйекте белгілі болды. Ол 25 жаста еді. Спортшы өз өзіне қол жұмсаған.

2021 жылғы қазақстандық ауыр атлетикадағы жанжалдың көпшіліктің назарына шығуына Альберт Линдердің өлімі және одан кейінгі оқиғалар себеп болды. Күрделі шаралар қабылдаудың шешуші себебі спортшылардың, бапкерлердің, сондай-ақ Альберт Линдердің туыстарының тарапынан түскен өтініштер болды.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы және қазіргі мүшелері жаттықтырушылар тарапынан жасалған физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық, ақша талап ету және допинг сынамасын қолдан өзгерту туралы айтқан.

Министрдің оқиға араласуынан кейін жаттықтырушылар штабының өрескел заңбұзушылықтары анықталып, ұлттық құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов, бас бапкер Сергей Седов және басқа да қызметкерлер жұмыстан шеттетілді.

Ұлттық құрамаға бас бапкердің тағайындалуымен туған жаңа жанжал

2021 жылдың 6 қарашасында Талдықорғанда Ұлттық Олимпиада комитетінің қатысуымен Спорт және мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың төрағалығымен жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті.

Мәдениет министрлігі хабарлағандай, жаттықтырушылар кеңесінің отырысында ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Дәурен Бекмұханбетов сайланды және ол жаңа жаттықтырушылар құрамын жасақтайды.

Алайда кейінірек Дәурен Бекмұханбетов мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, ол әлі ресми түрде бас бапкер қызметіне тағайындалмаған және құжаттары «жоғалып» кеткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...