Мектеп оқушыларын ата-аналарының рұқсатына қарамастан вакциналайды – фейк

Танымал

Ел аузында

Мұндай нормативтік-құқықтық акт туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

Қазақстандық Telegram арналардың бірінде жаңа нормативтік-құқықтық акт туралы хабарлама таратылып жатыр. Оның мағынасына үңілсек, ата-аналарының келісімінсіз мектептердегі балаларды COVID-19-ға қарсы вакцина алу бойынша арнайы норма жазылған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мұндай нормативтік-құқықтық акт туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

«Мұндай НҚА жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда балаларды ковидке қарсы вакцинациялау тек ата-аналардың жазбаша келісімімен жүргізілетінін мәлімдеген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...