Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда атом электр станциясы салынатын орын нақтыланды

Танымал

Ел аузында

Елімізде атом электр станциясын салатын орын белгіленді. Станция Балқаш көлінің жағасында орналасқан Үлкен ауылында салынбақшы. Бұл туралы «Самрұқ-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Үлкен – тұрғындар саны аз ауылдардың бірі. Мұндағы үйлердің көпшілігіне адамдар көшіп келмеген. Елді мекен 1984 жылы болашақ Оңтүстік Қазақстан гидроциркулярлық электростанциясының жұмысшыларына арнап салынған. Алайда кейін жоспар өзгеріп, кәсіпорын құрылысы тоқтап қалған. Нәтижесінде Үлкен шағын балықшылар ауылына айналды. 1999 және 2009 жылдар аралығында мұндағы тұрғындар саны екі есеге азайған. 

Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізуге Қытай, Ресей және Франция елінің мердігерлері дайын отыр. Сәтқалиевтің сөзінше, сәйкес ұсыныстар да келіп түскен. Алайда қай технологияны таңдайтыны әлі нақтыланбаған. 

«Шешім қабылдау кезінде барлық жағдай қарастырылады – қолданылатын технологиялардың қауіпсіздігі, бұған дейін салынған атом реакторлар саны, сонымен қатар Қазақстанда жанармайды оқшаулау мүмкіндігі», – деп түсіндірді қор басшысы. 

Атом электр станциясыне салу жайлы жоспармен бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев бөліскен. Мұның басты себебі – елдегі электр қуатын тұтыну мөлшерінің артуы. Қазір қуат тапшылығы Қазақстанда ғана емес, Қытайда да байқалған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...