Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Спорт министрі ауыр атлетика бапкерлерінің арасындағы жанжал туралы пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ауыр атлетикадан ұлттық құрама бапкерлерінің арасындағы жанжал туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері Мәдениет және спорт министріне өзі барып тағайындап кеткен ауыр атлетика бас бапкерінің неге қазір жұмыс істемей жатқанын сұрады.

«Талдықорғанда өткен рспубликалық чемпионаттан кейін бүкіл облыстардың бас бапкерлерімен отырыс болды. Солармен ақылдаса отырып, Дәурен Бекмахамбетов деген азаматты бас бапкер болуға лайықты деп есептедік. Жалпы заң бойынша, регламент бойынша біздің бұл ұсынымызды Федерация өз атынан Ұлттық Олимпиадалық комитетпен бірге министрліктің спорт комитетінде ұсыныс ретінде беруі керек», – деген министр журналистерді бұл мәселе жыл аяғына дейін шешімін табатынына сендірді.

«Сонымен қатар, осы сұрақ біз жыл аяғында Ауыр атлетика федерациясында өтетін конференцияда да қарастырылады деп отырмыз. Бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі деп ойлаймын. Жалпы бәрі заң бойынша, рет-ретімен келе жатыр», – деді ведомство басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...