Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Үшінші рет тұрмыс құрған әнші Шахизада жолдасы жайлы айтып берді

Жақында үшінші рет тұрмыс құрған әнші Шахизада жолдасы жайлы айтты.

Танымал

Ел аузында

Он үш жыл бұрын сөз салған ғашығы ақырында арманына қол жеткізген екен. Тек бүгінде қасында емес. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен тұрмысқа шықтым. Бұл Алланың маған берген сыйы деп ойлаймын. Жалғыздық Аллаға ғана жарасады. Тек жолдасым қазір Түрік елінде. Жақында оралады, бұйырса. Мен еліме аттанайын, қызмет етейін, жұмысымды жалғастырайын деп кеттім”, – деді әнші. 

Айтуынша, өзінің құр отырмайтын пысықтық қасиеті күйеуіне ұнаса керек. 

“Ол менің бір орында отырмай, үнемі  әрекет етіп жүргенімді ұнатады. Жұмысқа қарсылық білдірмейді. Бізде бәрі достықтан басталды. Он үш жыл бұрын сөз салған. Бірақ мен ол кезде тұрмыс құрам деп ойламадым. Дос болып жүрдік. Ол қалайда бір күні менің келіншегім боласың деп армандайды екен. Ақыры Алла сол арманына жеткізіпті. Сезімнен бұрын сыйластық маңызды. Арадағы қашықтың сыйластығымызға кедергі емес”, – деді ол.

Бұйырса «Мен едім» деген тақырыпта ән шығады. Ол әнге де бейнебаян түсіремін, оны да көре жатарсыздар.

Шахизада жолдасының суретін жариялаған жоқ. Оның кім екенін де ашып айтпады. Бұған дейін әнші өзінің сүйіктісі барын жасырмай айтқан еді. 

Айта кетейік, Шахизаданың үш немересі бар. Көп балалы ана болуды армандаған әнші бір баланы ғана өмірге әкелгенімен, келіні оған үш немере сыйлады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...