Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-24 C
Nur-Sultan
-14.1 C
Almaty
-5.7 C
Shymkent

Елімізде ең арзан пәтер қай қалада?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі басшысы Серік Жұманғарин Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы жағдайға баға беріп, пәтер бағасы төмендегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

«Жыл басынан бері құрылыс материалдары қымбаттады. Бізде импортқа тәуелділік бар. Импорттық материалдарға әсер ету мүмкін емес. Ал қазақстандық құрылыс материалдарына баға төмендеді. Қазір заң бұзу деректері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Егер қателеспесем, 12-сі (тергеу – ескерт.) құрылыс материалдары нарығында. Онда металл илегіштер де, цемент, кірпіш өндірушілер де бар», – деді Жұманғарин.

Ведомство басшысы Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларымен келісім жасалып жатқанын айтты.

«Яғни, тұрғын үй кешенімен келісімге қол қойдық, ол (мердігер – ескерт.) бағаны төмендетті, біз талдап отырмыз. Әрбір тұрғын үй кешені бірегей, әрбір өңірдің өзіндік тәсілдері бар. Бізде өңірлер бойынша пәтер бағасы құбылмалы. Арзан пәтерлер – Таразда, Ақтөбеде. Қымбаты – елордада және кейбір аймақтарда. Бұл әзірлеушілерге, сол кезде қалыптасқан баға деңгейіне байланысты. Бізде нарықты талдау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан баға туралы мәселе бізге қатысты емес. Бағасы бастапқыда жоғары, себебі құрылыстың өзіндік құны жоғары», – деп түсіндірді Жұманғарин.

Бұл ретте агенттік төрағасы жағдай 2022 жылы өзгеруі мүмкін екенін айтты.

«Тұрғын үй нарығындағы жағдай өзгеруі мүмкін. Мүмкін тұрғын үй арзандайтын шығар. Әртүрлі фактор әсер етеді. Біз бұған бірнеше рет тап болдық. Әркім өзі үшін шешім қабылдауы керек (қазір баспана сатып алу немесе күту – ескерт.), бірақ әзірге бұл нарықта бағаның күрт өсуі немесе алыпсатарлық бар екенін талдау көрсетпейді. Біз бұл нарықты, кем дегенде, біз жасаған комплаенс аясында бақылап отырмыз. Әзірге айтарлықтай алаңдауға негіз жоқ», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстандықтар туралы тыңшылық деректердің тарауы: БЖЗҚ мәлімдеме жасады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) бұған дейін қордың дерекқорынан қазақстандықтардың жеке деректері шыққаны туралы ақпаратқа пікір берді, - деп...