Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылдық кештен қашып кетті

Танымал

Ел аузында

Желіде мемлекеттік қызметкерлердің жаңа жылдық кештен қашып бара жатқан видеосы таралды. Видеоға Түркістан облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, банкет заңды түрде ұйымдастырылған және санитарлық талаптарға қайшы келмейді. Мейрамханада барлығы елу адам жиналған.

Мемлекеттік қызметкерлер жаппай қашу себебі мониторинг тобы келген кезде қонақтардың сасып қалған, деп түсіндірді білім басқармасында. 

Сондай-ақ, әкімдік видео авторларын сотқа беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде өңірдегі мекемелердің бірінде түсірілген видео таралған еді. Мерекені мейрамзанада облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері атап өткен. Полиция қызметкерлері мен блогерлерді көргенде олар жаппай қаша бастаған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛМАТЫДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛАДЫ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен барып,...