Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.1 C
Nur-Sultan
21.7 C
Almaty
20.8 C
Shymkent

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер қалай көмек ала алады?

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі өкілі Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер не істеуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Алматы кәсіпкерлер палатасы зардап шеккендерге бірқатар ұсыныс айтты. 1432 секілді call-орталық номерлері мен «Атамекен» департаментінен бөлек, Кәсіпкерлер палатасы да шығынға ұшыраған тұлғалардан ақпарат жинап жатыр. Кәсіпкерлер палатасы директоры Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, оған 300-ден аса өтініш келген.

Кәсіпкерлер палатасы өкілі бірқатар кеңес айтты:

  • Қылмыс деректерін тазаламау, бүлінген заттар мен қираған мүліктерді жинамау. Бұл саусақ ізін анықтауда маңызды саналады. Нысанды тексерген соң құқық қорғау органдары оларды жертөлеге орналастыруға кеңес береді.
  • Ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларын флеш карталарға, басқа да құралдарға жазып алу, бейнебақылау жазбаларын өшірмеу қажет.
  • Ұрланған және бүлінген заттар тізімін жасау керек. Құқық қорғау органдарына сотқа дейінгі тексеріс жасау үшін арыз жазу қажет.
  • Әрбір бүлінген немесе ұрланған тауар, затты дәлелдейтін құжаттар дайындау керек.

Алматыда кәсіпкерлер келтірілген шығын бойынша +7 727 331 01 33; +7 701 242 29 47 Әскербек Насамбаевқа немесе 1432 бірыңғай call-орталыққа хабарласа алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...