Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Алматыда аялдамалар мен қоршаулар, жаяу жол төсеніштері жөнделіп жатыр

Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап.

Танымал

Ел аузында

Қалпына келтіру жұмыстарын 13 бригада жүргізеді. 46 бағдаршам нысаны бүлінді. 38-і қалпына келтірілді, оның 5-і уақытша схема бойынша жасалды. Сондай-ақ, 120 жол белгісі бүлінген, олардың 96-сы қалпына келтірілген.

«Жолдардағы қалпына келтіру бойынша 4 жол бригадасы жұмыс істеп жатыр. Кеше 90 шаршы метр төсем, 120 метр жиек және 37 жол люгі қалпына келтірілді. Тас төсемді қалпына келтіруді 13 қаңтарға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Екі бригада көліктер жанып жатқан және өрт шыққан жерлердегі жолды тазалауға кірісті», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аялдамалар да бүлінген. Барлығы 43 аялдама бүлінді, оның 17-сінің әйнегі толық сынған. Жеке компаниялар да қалпына келтіруге кірісті, бүгінде 2 аялдама жөнделді. Жұмыстар жалғасып жатыр.

Алдын ала есептеу бойынша 100-ге жуық велосипед жоғалған, 220-сы жөндеуді қажет етеді, 20 станция бүлінген. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды, келтірілген шығынды бағалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Ұлытау облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жолға мотоциклмен шығып кеткен Қаражал...