Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Бозымбаев боқтағаны үшін халықтан кешірім сұрады

Танымал

Ел аузында

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев алаңға жиналған халықты боқтағаны үшін көпшіліктен кешірім сұраған. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді.

Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, Қанат Бозымбаев соққыға жығылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қанат Бозымбаев алаңға жиналған халыққа басу айтамын деп арандап қала жаздағанын Экспресс К бұған дейін жазды. Онда облыс әкімі көпшілікке қарсы былапыт сөз айтып жібереді. Осыдан кейін ғаламторда «Бозымбаев соққыға жығылды», «Әкімнің басы жарылды» деген ақпараттар тараған болатын. Алайда әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел ел арасындағы бұл әңгімені жоққа шығарды

Бозымбаевты ешкім соққан жоқ. Оның жағдайы жақсы. Алаңдағы келеңсіздіктен кейін ол кісі халықтан кешірім сұрап, көпшілікті Мәдениет үйіне кіруге шақырды. Бірақ халық оған құлақ аспады. Тек 30 шақты адам кіріп, жеке мәселелерін әкімге айтты, — деді Ғалымұрат Жүкел.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...