Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Алматы облысында бір үйдің үш адамын әскерилер атып тастаған (видео)

Танымал

Ел аузында

Талдықорғанда өткен сенбі күні қайғылы жағдай болды. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, қонақтан үйіне қайтып келе жатқан көлікке әскерилер оқ атып, бір үйдің 3 адамы қаза тапқан.

Тіл тартпай кеткендердің ең кішісі 15 жаста, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайғылы жағдай 8 қаңтар күні кешкі сағат 9-дар шамасында Ақбастау және Жабаев көшелерінің қиылысында болған. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, қонақтан үйіне қайтып келе жатқан әкесі, анасы және қызы әскерилердің қолынан қаза тапты. Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева, Нұрай Оразақынның денесін туыстары кеше жер қойнына тапсырды. Марқұмдардың жақындары әскерилердің бұл әрекетін бассыздыққа балап отыр.

«Олар досының үйінен қонақтан келе жатқан. Коменданттық сағат 21:00-ден кешікпейік деп үйіне қарай шыққан. Ол марқұмдардың үйінен алыс емес. Ары кетсе 2-3 минутта жететін жер. Соған жете алмай қалып отыр емес пе?! Әскерилер атып тастап отыр. Кеше жерледік. Қазір тоқтамаған соң атты деген әңгіме шығып отыр. Қарап тұрсаңыз тоқтатса кез келген адам тоқтайды ғой. Тоқтамаған күннің өзінде бас салып оқ жаудыру дұрыс емес қой. Үшеуі де тура сол жерде өліп кетті», — дейді марқұмдардың туысы Рүстем Ахметжанов.

Қайғылы жағдайдан бері 4 күн өтсе де марқұмдардың туыстарына құзырлы орган тарапынан ешкім келмепті. Рүстем Ахметжанов үш бірдей туысы үшін соңына дейін барамын деп отыр.

Құзырлы органдарға арызданамыз. Өйткені ай-күннің аманында бір үйден үш мәйіт шығарып отырмыз. Әкімдіктен, Полиция департаментінен ешкім келмеді. 4 күн болды, міне, ешкімді көрген жоқпын. Біз бұл жағдайды жылы жауып қоймаймыз, — дейді Рүстем Ахметжанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...