Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері қалай жұмыс істеп жатыр?

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері қалай жұмыс істеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтардың көкейінде дүкен сөрелерін толтыру үшін Қытайдан тауарға тапсырыс беруге бола ма деген сұрақ туындады.

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Алматы мен Алматы облысындағы оқиғаларға байланысты «Нұр жолы» және басқа да бақылау-өткізу бекеттері жабылмағанын, жүк машиналары Қазақстанға кіріп жатқанын мәлімдеді.

«Жүк тасымалы үздіксіз жүріп жатты. Тәртіпсіздіктер кезінде Қытай тасымалды тоқтатпады. «Қорғас» ШЫХО пандемия кезінен бері жабық», – деді Ғалымұрат Жүкел.

Сондай-ақ, кеңесші Президенттің Қазақстан мен Қытай шекарасындағы кедендік бақылауға қатысты сынына байланысты Бас прокуратура жақын арада тексеріс бастауы мүмкін екенін айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифровой прорыв в госуслугах: за год казахстанцы оформили около 15 млн услуг через зоны самообслуживания

По итогам 2025 года жители Казахстана всё активнее пользуются возможностью самостоятельно получать государственные услуги в цифровом формате, сообщили в...