Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Бүлік кезінде жоғалып кеткендерді қалай іздеу керек?

Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде із-түссіз жоғалып кеткендер бар.

Танымал

Ел аузында

Оларға жақындары мен туыстары іздестіріп жатыр. Одан бөлек, шеруге шықпасаң да «митингіге бардың» деп айып тағылған жағдай да не істеу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Халықаралық заң компаниясының бас директоры Өмірбек Ғабит түсіндіріп берді. 

Жоғалып кеткендерді қалай іздеу керек?

Заңгердің айтуынша, еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер басыла бастағаннан кейін біраз адам көмек сұраған. 

«Алматы қаласында төтенше жағдай мен митинг басылған соң, шамамен 30 ға жуық адам жақындарын, таныстарын, туыстарын іс-түссіз жоғалтып алғанын хабарлап, көмек көрсетуімді сұрады. Алайда кейбір деректері бойынша із-түссіз жоғалған деп полицияға тек 3 адам арыз жазған», – дейді маман. 

Ғабит Өмірбек мұндай жағдайда не істеу керегін түсіндірді. 

«Егер де танысыңызды не туысыңызды жоғалтып алған болсаңыз заңгер ретінде беретін басты кеңесім, дереу Алматы қаласы Полиция департаментіне барып немесе тұратын тұрғылықты мекенжай бойынша аудандық полиция басқармасына не бөліміне барып із-түссіз жоғалғаны туралы арыз жазып, қалдыру қажет. Себебі бүгінде көп азамат «арыз жазсақ митингіге қатысты деп айып тағылып қылмыстық құдалауға алынамыз» деген оймен арыз жазудан бас тартып жатыр. Алайда, ол дене жарқатын алып, емханаларда жатқан уақытында да одан полиция қызметкерлері түсініктеме алуы әбден мүмкін. Тіпті митингіге белсенді қатысқан болса оны Полиция депаратаментіне жеткізіп, уақытша ұстау изоляторына қамап қоюы да мүмкін», – дейді заңгер. 

Қандай жағдай болса да Полиция департаментіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз жазу қажет.

«Полиция департаментінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұсталған және қамауа алынған азаматтардың тізімі жүргізіледі. Ол тізімді тек жақын туыстары сұрап заңды түрде біле алады. Егер митинг кезінде қаза тапқан болса оны да Полиция департаменті арқылы білуге болады. Сондықтан да уақыт жоғалтпай құқық қорғау органдарына жүгіну қажет», – деп түсіндірді маман.

Бармасаң да «митингіде болдың» деп айып тағылған жағдайда не істеу керек?

Ғабит Өмірбектің сөзінше, елімізде болып жатқан жағдайға байланысты кінәсіз азаматтар қылмыстық жауапқа себепсіз тартылып жатыр деген пікірлер көбейген.

«Ұсталған азаматтардың көбі қорыққаннан істемеген нәрсені мойнына алып жатыр дегеп пікірлер естіп жатырмын. Осыған байланысты сотталушының тек өз кінәсін мойындағаны бойынша соттау заңға қайшы екенін айтқым келеді. ҚР Конститутциясының 77-бабы 3-тармағының 9-тармақшасында заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды және ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуына болмайды делінген.

Кінәсіздік презумпциясына орай және ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабында «Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға» тиiс деп бекітілген. ҚР ҚПК-нің 24-бабына сәйкес – сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi», – дейді заңгер.

Одан бөлек, азаматтарды заңсыз 3 сағаттан артық құқығын шектеуге болмайды.

«Сонымен қатар, әр азамат қорғаушыны талап етіп, тек қорғаушының қатысуымен жауап беруге құқығы бар, ол құқық қорғау органдарының ұсынған қорғаушысынан бас тартып, өзі басқа қорғаушыны талап ете алады. Сондықтан да өз құқықтарыңызды біліп жүріңіздер, егер кінәлі болмасаңыз заңды дұрыс қолдансаңыз сізге қатысты қозғалған қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 35-бабының, 1-бөлігінің 1, 2-тармақшаларына қатысты тоқтатылуы тиіс, яғни қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан немесе іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуы тиіс», – деп түсіндірді маман.

Айта кетейік, кеше, 12 қаңтарда Алматының өзінде бірнеше адам жоғалып кеткені хабарланған болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...