Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20.4 C
Nur-Sultan
27.7 C
Almaty
28.4 C
Shymkent

ҰҚШҰ-ның белорус бітімгерлері мінген 10 ұшақ елден кетті

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) белорус бітімгерлері мінген он ұшақ Қазақстаннан Минск облысына ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Танымал

Ел аузында

«Беларусь Республикасының ҰҚШҰ бітімгерлері мінген он ұшақ, Жетіген әуеайлағынан Минск облысына ұшып кетті. Армения Республикасы мен Тәжікстан Республикасының бітімгершілік контингенті де тұрақты пункттеріне Ресейдің Әуе-ғарыш күштері ұшағымен жеткізіледі», – делінген Ресей Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Сондай-ақ, Армения, Беларусь және Тәжікстанның бітімгерлері үйіне қайту үшін «Жетіген» және «Алматы» әуеайлақтарында РФ Әуе-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтарына техника мен жеке құрамды тиеуге кіріскені айтылды.

Бұл ретте Қырғызстан Республикасының бітімгершілік жасағы стандартты техникамен тұрақты орналасу нүктесіне аттанатыны хабарланған.

Бұған дейін Алматыда ҰҚШҰ бітімгерлерін шығару басталғаны хабарланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Проектный офис по строительству студенческих общежитий города Алматы приглашает инвесторов принять участие в новых проектах строительства и реконструкции. Инициатива...