Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Қуат Хамитов президентке жүгінді: Шектен шыққан құқық қорғау органдарын тоқтатуды сұраймын

Танымал

Ел аузында

Белгілі спортшы Қуат Хамитов инстаграм парақшасы арқылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, полиция қызметкерлерінің бейберекет әрекетін шектеуді сұрады, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

«Бүгін президентке жүгініп, одан елде болып жатқан бейберекет әрекеттердің тоқтауын сұраймын. Нақты нені? Коменданттық сағатты және «терроризм» дегенмен күресті. Себебі мен халықтың ішінде террористердің жоқтығын білемін. Қазір еркіндік алған құқық қорғаушылар шектен шығып кетті. Олар митингтерге қатыспаған адамдарды алып кетеді, оларды сабайды, еш түсіндірмейді. Жасамаған қылмысын мойындатады. Білемін, онда түскендер қаласа да, қаламаса да мойнына барлығын ала береді. Сондықтан президенттен осы жағдайды тоқтатуды сұраймын», – дейді ол.

Спортшы өзіне күніне мыңдаған хабарлама келіп түсіп жатқанын айтады. Олардың көбі бауырын немесе әкесін полиция қызметкерлері себепсіз алып кететінін айтып, шағымданған.

«Жап-жас баланы, отбасы мүшелерін атып кеткені туралы ақпараттарды көріп жатырмыз. Неге осыны істегендерді соттамайды? Олар неге жазасыз қалады? Терроризм демеске амал бар ма бұл жағдайларды?» – дейді спортшы.

Спортшы сонымен қатар митинг күні көп адам ауруханаға түскенін, сол жерден көбі туыстарына соңғы рет хабарласқанын айтады. Енді солардың туыстары жақынын таппай, алаңдап отыр.

Қуат Хамитов сөз соңында осы бейберекетсіздіктен кейін полиция департаментінің басшысы неліктен өз лауазымында қалғанын түсінбейтінін мәлім етті.

Айта кетсек бейбіт митингке шығып, жаңаөзендіктерді қолдауға шыққан Қуат Хамитовтың өзі де соққыға жығылғанын, соның салдарынан спорттық мансабын аяқтайтынын бұған дейін хабарлаған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...