Алматы полициясы қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылатынын мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Алматы полиция департаменті қаруды заңсыз сақтаған азаматтарға өзіне жақын жердегі полиция басқармасына ерікті түрде тапсыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 287-бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

«Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимді болатынына кепілдік беріледі», – делінген ақпаратта.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сұрақтар бойынша хабарласуға болатын нөмірлер: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.

Айта кетері, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған. Ол жерден 1 347 қару ұрланған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждая спасённая жизнь — результат системной работы

О текущей ситуации с суицидами в регионе, тревожных сигналах, на которые важно обращать внимание, и масштабной профилактической работе рассказал...