Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20.8 C
Nur-Sultan
27.6 C
Almaty
29.9 C
Shymkent

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде студенттер ұсталды ма?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда болған тәртіпсіздіктерге студенттер қатысқан жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Тойбаев Әділет ОҚК-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер кезінде қатысқан немесе ұсталған студенттер бойынша бізде ресми ақпарат жоқ. Бүлік болған уақытта олар демалыста болды. Оқиғалар орын алған сәтте 5-6 мың студент жатақханада тұрды. Оның көбісі шетелдік білім алушылар. Студенттердің қауіпсіздігін ұстаздары бақылады. Осы сәтте, мемлекет басшысының студенттерге тәртіпсіздіктерге қатыспағаны үшін алғыс айтқанын айтқым келеді”, – дейді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы. 

Бұған дейін Астана медицина факультетінің студенті Әмір Сағындықов 5 қаңтарда Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде аяғынан жарақат алғанын жазған болатынбыз. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

2000-ға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті

Түркістан облысында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай “Тұрақтылық-татулық тұғыры” атты марафон ұйымдастырылды. Оған облыстың 18-29 жас аралығындағы 2000-ға жуық...