Минус 25 градус аяз күтіледі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Танымал

Ел аузында

Cиноптиктер 18-20 қаңтарда Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометте Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны республиканың ауа райына әсер етеді деп мәлімдеді.

“Осы ретте республиканың солтүстігінде жауын-шашынның тоқтап, аяз келеді. Мурманск аудандарынан Қазақстанның батысына қарай циклон жылжуда, ол жерде жаңбыр, қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарының туындауына әкеледі”, – деді Қазгидрометте.

Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтардағы термометрлер түнде -10-мен -25°C градусқа дейін, батыста -5-тен -15°C, оңтүстікте 0 градустан -15°C градусқа дейінгі көрсеткіштерді көрсетеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстанда 33 мыңнан астам адам IT Aiel және Aqyl Tech жобалары арқылы цифрлық дағдыларды меңгерді

Қазақстанда әйелдер мен жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, жасанды интеллект технологияларын меңгеруге және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған IT Aiel және Aqyl...