Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Тергеу нәтижесі газ бағасының неге күрт қымбаттағанын анықтады

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Бас прокуратурамен бірлесіп көтерме сұйытылған газдың 6 сатушысын тергеп жатыр. Олар – «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГӨЗ» ЖШС (монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша). Одан бөлек сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығының 180 субъектісіне қатысты тергеп-тексерулер тағайындалған.

«Бағаның өсуінің негізгі себебі электронды сауда алаңындағы баға механизмінің жетілмегендігі екенін тергеп-тексерудің алдын-ала нәтижелері көрсетті. Осыған байланысты өткен жылы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңнамаға өзгерістер енгізілген. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды және осы жылдың өзінде сұйытылған мұнай газын өткізу тауар биржаларына ауысады және тұрақты бақылауда болады», – дейді Серік Жұманғарин.

Хабарламаны орындамау фактісі бойынша «ЕТС тауар биржасының» сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерімен бірлесе отырып, нарықтың 102 субъектісіне қатысты, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулер бастады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілген: полиция мән-жайды анықтап жатыр

Алматы полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған «Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді» деген хабарламаға қатысты түсінік берді, —...