Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Мұнай бағасы 7 жылда алғаш рет 87 доллардан асты

Танымал

Ел аузында

2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет Brent маркалы мұнай бағасы 87 доллардан асты. Бұл ақпаратты Лондон биржасының сауда-саттық деректері растайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан уақытымен 10.34-тегі деректер бойынша, солтүстік теңіз қоспасы баррелі 87,15 доллар деңгейінде саудаланып, 1,267 пайызға қымбаттаған. WTI маркалы мұнай 84,76 доллар болып, 1,121 пайызға қымбаттаған.

РИА Новости мәліметінше, коронавирус пандемиясынан кейін мұнайға деген сұраныс төмендеуіне байланысты ОПЕК+ былтыр мамырдан бастап дайындауды тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін қысқартқан. Жағдай тұрақтанған сайын келісімшарттар түзетілген. 2021 жылы тамыздан бастап одақ өндірісті ай сайын 400 мың баррельге дейін ұлғайтқан. Ал 2022 жылы қыркүйектің аяғына қарай бұрынғы деңгейге оралады деп үміттенеді.

20 қаңтарда АҚШ-тағы бір апталық мұнай қоры бойынша статистика жасалады деп жоспарланып отыр. 7 қаңтарға дейінгі бір апта ішінде елдегі коммерциялық қорлар 2018 жылдың қазанынан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...