Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара ашылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара ашылды, деп хабарлайды “КТК” арнасы.

Кейбір өткізу пункттерінде адамдармен қоса жүк көліктерді де кедергісіз өткізе бастаған. Елімізде болған қаңтардағы қақтығыстан кейін көрші елдің билігі өз азаматтарына шығуға тыйым салып шекарасын жапқан болатын.

Қазір Ақ Жол, Чалдыбар, Чоң  Қапқа, Кең-Бұлын және Тоқмоқ кеден бекеті барлық адамдарды екі жаққа тосқауылсыз, бірақ Қазақстан тарапы айқындаған  шектеулер бойынша өткізуді жүзеге асыра бастады. Қарқыра бекеті арқылы тек көрші елде қалып қойған отандастарымыз ғана өте алады.

Ал, ауыр жүк көлігіне Ақ-Тілек, Чалдыбар және Чоң-Қапқа пункттерін короновирусқа байланысты шектеулерді ескере отырып бөгетсіз кесіп өтуге рұқсат етілген. Өзбекстан «жаңа омикрон штамы пайда болды» деген желеумен осыдан үш күн бұрын Қазақстанмен арадағы шекараны жауып тастаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...