Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Бас прокуратура Азамат Батырбаевты азаптау дерегіне қатысты мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіде Азамат Батырбаев есімді азаматтың тергеу изоляторында азапталғаннан кейінгі жағдайы туралы жантүршігерлік фотосуреттер жарияланған.

Қаңтар оқиғасына қатысты деген айыппен Талдықорғанда ұсталған соң құқық қорғау қызметкерлерінің қолынан азапталып, «денесі үтікпен күйдірілген» делінген 38 жастағы Азамат Батырбаевқа қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Әлеуметтік желіде Азамат Батырбаев есімді азаматтың тергеу изоляторында азапталғаннан кейінгі жағдайы туралы жантүршігерлік фотосуреттер жарияланған. Адвокат Бауыржан Азановтың айтуынша, Азамат Батырбаевқа «жаппай тәртіпсіздік» бабы (272-бап 2-бөлім) бойынша айып тағылған. Ол айыппен келіспеген.

Аталған фактіге қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасап, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат тарап жатыр.

Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз. Ал 23 қаңтарда жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.

А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде» – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...