Ұлттық Банкке жаңа басшы келді

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға Ғалымжан Пирматовты ұсынды

Сенаторлар Ғалымжан Пирматовтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенаторлар алдында Ұлттық Банк төрағасының лауазымына Ғалымжан Пирматов ұсынылды. Оны таныстырған Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов денсаулығына байланысты Пирматовтың өзі отырысқа келе алмағынын айтты.

«Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын», – делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Республикасының

Президенті    Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 ақпан

№ 803

Айта кетейік, Ғалымжан Пирматов 1972 жылы дүниеге келген. Ресей және Қазақстанның жоғарғы оқу орнындарында білім алған. Мамандығы – математик. 

Әр жылдары түрлі қаржы ұйымдарында қаржы директоры қызметін атқарған. Соның ішінде, “ҚазАтомӨнеркәсіп” АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болған. Осы лауазымына дейін “ҚазАтомӨнеркәсіп” компаниясының басқарма төрағасы болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Ұлт коды: Өнердегі өрнек» атты ауқымды шара өтті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды дәріптеген түрлі іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Алматы облысы, Талғар ауданына...