«Бәйтерек» холдингі директорларының құрамы жаңарды. Оны премьер-министр Әлихан Смайылов басқарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.
Енді директорлар кеңесінің құрамы мынадай:
- директорлар кеңесінің төрағасы, премьер-министр Әлихан Смайылов;
- директорлар кеңесінің мүшесі, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр;
- директорлар кеңесінің мүшесі, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов;
- директорлар кеңесінің мүшесі, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров;
- директорлар кеңесінің мүшесі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев;
- директорлар кеңесінің мүшесі, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
- директорлар кеңесінің мүшесі, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев;
- директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Клаус Мангольд;
- директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Томас Миров;
- директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Филип Йео.
Баспасөз қызметі мәліметінше, «Акционерлік қоғамдар туралы» заңмен және холдинг жарғысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі жалғыз акционер және директорлар кеңесі холдинг қызметіне басшылық етеді.