Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Айдос Сарым: Дариға Назарбаева отставкаға кетуі керек

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызының отставкаға кетуіне қатысты мәселе ұзақ уақыттан бері қозғалып жатыр. Бірақ Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына ресми өтініш берген жоқ. 

Көмекшісінің айтуынша, ол коронавируспен ауырып, қазір денсаулығын қалпына келтіріп жатыр.

Журналистер мәжілісменге Елбасының басқа туыстарының қызметінен босатылуын ескере отырып, депутаттың отставкаға кетуі керек пе деген сауал қойды.

«Мен қалыптасқан жағдайда ол (Дариға Назарбаева) азамат ретінде отставкаға кетуге тиіс деп санаймын. Менің ойымша, бұл дұрыс болар еді», – деп жауап берді Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» жаңа депутаттық тобының баспасөз мәслихатында.

Дариға Назарбаева неге отставкаға кетуі керек деген сұраққа Сарым Қазақстандағы қаңтар оқиғалары оның есімімен тікелей байланысты деп жауап берді.

«Халықтың наразылығына жауап беру керек. Бүкіл әлемде бұл саяси тұрғыдан, яғни отставкаға кету арқылы жүзеге асырылады. Қалыпты әлемдік тәжірибе. Біз Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты емес адамдардың да отставкаға кеткенін көрдік. Бұл қоғамның әлеуетін ашып, басқаларға жол беру үшін жасалды», – деді депутат.

Ол 5 қаңтардан кейін қайғылы оқиғалар болған кезде Дариға Назарбаеваны мәжілісте де, басқа жерде де көрмегенін айтты.

Мәжілісмен Нұрсұлтан Назарбаевтың «кез келген жағдайда Қазақстан тарихында қалатынын» және оның еліміздің тарихындағы рөлі өзгермегенін атап өтті.

«Дұрыс жасалған дүниеге құрмет көрсетуіміз керек. Егер әрбір жаңа ақпарат алдыңғысын жойып жіберсе, онда біз жақсы мемлекет құра алмаймыз», – деді депутат.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...