Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Біз ер қадірін білмейтін қыңыр жұртпыз»: Бақтияр Артаев Арман Жұмагелдиевті босатуды сұрады

Танымал

Ел аузында

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қамауда жатқан Арман Жұмагелдиевті («Дикий» Арман) жақтап сөйледі. Боксшы Арманның елге жасаған жақсылығын тізіп беріп, оны қамаудан босатуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арманға жанашырлық танытқан Бақтияр Артаев ол туралы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

«Арман Жұмагелдиев бауырым үшін жүрегім ауырады. Оның құқық қорғау органдарының қолына түсіп, қонақ үй қабырғасына сүйене кеп отырған суреті тордағы қайрансыз қалған көкжалдың сұсты бейнесі көзіме елестейді. 

Иә, оны жұрт қылмыскер, банды санайды. Арман – қасқыр жігіт. Жемін түзден тауып жейтін. Шамасы келсе түзден тапқанын жұртымен қақ бөлісіп жейтін. Оны білеміз. Алғаш пандемияның кесірінен жұрт бір жұтым ауаға қинала жатып, қынадай қырылған кезде егілген жұрттың қыстыққан дауысын алғаш естіген бөрінің бірі сол еді. 

Біз ер қадірін білмейтін қыңыр жұртпыз ғой. Бірақ, тірісі білмесе де кешегі пандемияда сол Арман арттырған ИВЛ аппаратарының көмегімен жәрім минут болса да бір жұтым ауаның қадірін біліп, сезіп көздері жәудірей жатып Құдай тағаласынан жан тапсырған талай қазақ баласы Арманға алғысын айтып кеткен де шығар.

Иә, жұрт Арманның небір жақсылығын біледі. Көбі айта алмайды. Ал Арман бауырыма сөйлеуге оның намазы, мұсылмандығы жібермейді. Солай! Ел күшеніп кейде жұрт ішінен кешегі Бақыткелдіні, Атабаны, Сары Алмасты іздегісі келеді. Оның хайыры не? Олар тірісіне соқыр болса? Біз СубханАллаһ сондай жұртпыз ғой. Кешегі Шығыс Түркістан үшін жанын қиған Оспан батыр Исламұлын да өзі жұрты, өзі руласы өзгелермен қосылып алып оны «банды» қылған.

Айтпағым, тағы Армандай дала бөрілері өз басым үшін бостандықта емін-еркін жорық салуы сондай қажетті. Олардың әлі «қазақ баласына» еліне, жұртына жасар жақсылығы шаш етектен екені шын дүние.
Шіркін, Абай атам: «Қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай». Айтпағым Арман бауырыма бостандық сұраймын. Елінің бөрісі аман бол», – деді Артаев.

Қарапайым жұртшылық Артаевты қолдағанымен, журналист Гүлмира Әбіқай оның бұл бастамасына қарсы шықты. 

«Арманды көруге алаңға барып, аңырайып бетіне қарап тұрып, қаншама жас жазықсыз өлді. Азаматтығы бар шығар. Қылмысын қайда қоямыз? Қылмыс түбі – жаза. Мен үшін сен батырсың, Бақтияр Артаев. 2004 жыл, Афины олимпиадасы, соңғы күні барша қазақты жылатып, жұбатып, жалғыз медаль әкелген Алаш чемпионы. Өзің бар бол, аман бол! Арманды қайтесің, ертең-ақ оны шығарып алады. Ал сен бізге керексің», – деп пікір білдірді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...