Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстан мектептеріндегі шектеулерді алып тастау: жаңа қаулы шықты

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның бас санитария дәрігері міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова білім беру ұйымдарындағы шектеулерді алып тастауды көздейтін қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есмағамбетова облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, Білім және ғылым министрлігіне 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында күндізгі оқыту форматын қамтамасыз етуді тапсырды.

Барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдары басшыларына «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» бас санитария дәрігердің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитария қағидаларын қатаң сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін мектеп оқушылары 14 ақпаннан бастап дәстүрлі форматқа көшетіні хабарланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Рухани кеңістіктегі ғылыми көпір

Стамбул қаласында Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығында (IRCICA) профессор Девин ДиУистің «Қазақстан мен Орталық Азиядағы Ислам және...