Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-24 C
Nur-Sultan
-8.1 C
Almaty
-6.7 C
Shymkent

Қазақстандағы ақылы жолдардан бір жылда қанша табыс түсті?

Танымал

Ел аузында

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда 2021 жылы ақылы жолдардан қанша табыс түскенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 миллиард теңге түскен.

Сонымен қатар, елімізде былтыр 23-қарашадан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 миллиард теңге түскен.

«2021 жылы елімізде ақылы жолдарынан түскен қаражат мөлшері 8,1 миллиард теңге болды», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда тұрмысы төмен жандарға арналған тегін асхана ашылды

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады. Алматыда халықтың тұрмыстан тарылған топтары үшін әлеуметтік асхана...