Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

2022 жылы Қазақстанда ҰҚШҰ әскерлері үш әскери жаттығу өткізеді

Танымал

Ел аузында

Биыл Қазақстанда ҰҚШҰ елдерінің әскерлері үш әскери-жаттығу кезеңдерін өткізеді. Бұл туралы өткен брифингте ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сидоровтың сөзінше, «Өзара іс-қимыл-2022» оқу-жаттығуы ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен өтеді. Іс-шара Орталық Азия өңірі жағдайында дағдарыстық жағдайды шешу міндеттерін пысықтауға бағытталады.

«Поиск-2022» оқу-жаттығуы бірлескен күштерге ұрыс қимылдарының барлау аспектілерін меңгеруге мүмкіндік береді. Жауынгерлік құрамаларды үздіксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етуді пысықтау мақсатында Қазақстан аумағында үшінші «Эшелон-2022» оқу-жаттығуы өтеді.

Бұдан бөлек ҰҚШҰ әскерлері Тәжікстанда «Шекара-2022» және Қырғызстанда «Мызғымас бауырластық-2022» оқу-жаттығуларын өткізеді. Бұл жаттығулардың біріншісіне ұжымдық жедел енгізу күштері қатысса, екіншісі бітімгершілік құрамалардың қатысуымен өтеді.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан елдері кіреді.

Еліміздегі қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан ҰҚШҰ әскерлерін көмекке шақырған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...