Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер етеді – Ұлттық банк жауабы

Танымал

Ел аузында

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Ресей банктерінің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстанға әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ресейдің кейбір банктерінің SWIFT жүйесінде бұғатталуы Қазақстанда төлем жүргізуге әсер етпейді және еліміздің төлем нарығына қауіп төндіріп тұрған жоқ. Клиенттердің төлемдері, ел ішіндегі аударымдар бойынша барлық операция штаттық режимде істеп тұр», – деді Пірматов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, SWIFT жүйесінен ажыратылған ресейлік банктермен трансшекарарлық операциялар үшін өзара есеп айырысудың баламалы механизмдері әзірленді.

«Ұлттық банктің барлық қажетті құралдары бар және оларды ақылға қонымды тәсілмен пайдаланады. Елдің жалпы халықаралық резервтері 25 ақпанда 87,7 млрд долларды құрады. Ай басынан бері өсім 346 млн доллар. Оның ішінде Ұлттық қордың активтері – 54,0 млрд доллар, алтын – валюта резервтері – 33,7 млрд доллар. Біз қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенциялар жүргіземіз», – деді Ғалымжан Пірматов.

Ұлттық банк басшысы шаралар кешені теңгелік активтердің тартымдылығын сақтауға, доллармен байланысты тәуекелдер мен айырбас бағамына қысымды төмендетуге, сондай-ақ инфляцияның елеулі өсу тәуекелдерін жұмсартуға бағытталғанын айтты.

Сондай-ақ, ол ресейлік банктермен трансшекаралық операциялардың жұмыс жоспары дайындалғанын атап өтті.

«Қазақстандық банктердің клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын ел ішінде жүргізу бойынша барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылады. SWIFT жүйесінен ажыратылған ресейлік банктердің клиенттерімен трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысуларды жүргізудің баламалы тетіктері әзірленді», – деді Ғалымжан Пірматов.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі екенін, сол одақ аясында бізге әкелінетін импорттың 42%-ы Ресейге тиесілі екенін еске салды.

«Осының бәрін ескерсек, Ресейге қарсы жаңа санкциялар біздің еліміздің экономикасына әсер етеді. Ресей рублінің әлсіреуіне байланысты Қазақстанның қаржы нарығына қысым өсуде», -деді Ұлттық банк басшысы.

Айта кетсек, Еуроодақ, АҚШ, Ұлыбритания және Канада санкцияларға ұшыраған ресейлік банктерді SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келген болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...