Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Алматы облысының ауыл шаруашылығында бірыңғай саясат болуы тиіс

Танымал

Ел аузында

Алматы облысының бірқатар аудандарында дақылдар тұқымын жақсартуға мән берілмейді. Көктемгі дала жұмыстары басталатын уақыт жақындағанымен минералды тыңайтқыштарға тиісті өтінім берілмеген. Жанар-жағармай қорын жинақтау жұмысы нашар. Осы және басқа да кемшіліктер бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1297 гектарға көбейіп, жалпы 974 мың гектарға себіледі, оның ішінде дәнді дақылдар – 484 мың және майлы дақылдар – 132 мың гектар. Қажетті 202 мың тонна тұқым толығымен даярланды. Дегенмен аудандарда тұқымдардың сортын жаңартуға аса мән берілмей келеді, Ақсу, Балқаш, Жамбыл аудандары мен Талдықорған қаласынан тұқым шаруашылықтарынан жоғары репродукциялы тұқым алынбаған. Жалпы облыстағы құйылған барлық тұқымның 10 мың тоннасы ғана – аттестталған субъектілердің өнімі.

– Жалпы облыс және Алматы қаласы тұрғындары қажеттілігін қамтуға маусым аралығына 280 мың тонна картоп керек, ал облыстағы 53 қойманың сыйымдылығы 52,4 мың тонна немесе 37% ғана жабады. Алматы агломерациясын дамытуға тиісті Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары мен Қапшағай қаласында бір қоймадан ғана бар, яғни заманауи қоймаларды салуға инвесторлар тартуды жандандырумыз қажет, – деді Ә.Жақанбаев.

Бүгінге дейін минералды тыңайтқыш сатып алуға Райымбек, Балқаш аудандары өтінім бермеген, ал Жамбыл, Көксу, Ұйғыр, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары жоспарланған көлемнің 6% дейін ғана алған. Шаруашылықтарда жанар-жағармайдың қажетті қорын қалыптастыру нашар жүргізілуде.

Облыстық бюджеттен 12,5 млрд. теңге жұмсалып 1331 дана техникамен қамтылған 56 сервистік-дайындау орталығының бүгінде тек 5-еуі ғана тиімді жұмыс жасайды, ал 12 СДО өз міндеттемелерін орындамағандықтан олармен арадағы келісім-шарт бұзылған. 13 СДО-ның лизингтік төлемінде 373 млн. теңге қарыз бар. Осы мәселелерге терең талдау жасаған Ә.Жақанбаев: «Аталмыш орталықтарды құрудағы негізгі мақсат – шағын фермерлерге тікелей қызмет көрсету болатын, алайда көбінің толыққанды жұмыс жасамауы ұсақ шаруалар арасында наразылық тудыруда. Сервистік дайындау орталықтары аудан, қала әкімдерінің өтінішімен құрылғандығын ескеріп, олардың жұмысын оңалтуда нақты шаралар қабылдаулары қажет», – деді ол. Сол сияқты су үнемдеу технологиясын қолдану, су каналдарын қалпына келтіру, мал азығы дақылдарының егістігін ұлғайту, ауыл тұрғындарының жайылымдық алқаптарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және тағы басқа да мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

«Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры С. Құдайбергеновтың сөзіне сүйенсек, өткен жылы жалпы көлемі 134,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 7 866 келісім-шарт жасалып, 133,1 мың гектарға 1 065 470 м3 көлемде су жеткізілген. Биылғы жылы да осы шамада су беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев Ақсу, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарының әкімдерінен кемшіліктерді қалай түзететінін сұрады. Мәселен, Ақсу ауданында төл алу деңгейі облыстың орташа көрсеткішінен төмен. Минералды тыңайтқышқа өтінім беруде сылбырлық көрсетіп отыр. Қант қызылшасының белгіленген көлемін тиісті деңгейде орындай алмаған. Аудан әкімінің жұмысын сынға алған облыс басшысы:

– Ақсу ауданында халық негізінен ауыл шаруашылығымен күн көріп отыр. Ендеше ауыл шаруашылығының мәселелерін қалай назардан тыс қалдыруға болады? Сонда сіз немен айналысып, не істеп жүрсіз? Жылы кабинетте отырып, жақсы көлік мінумен іс бітпейді. Әлібек Әскербекұлы, Ақсу ауданына арнайы барып, жағдайды тексеріп көріп қайтыңыз, – деп тапсырды өз орынбасарына Қанат Бозымбаев.

Сонымен бірге Кербұлақ ауданындағы мал азығы мен минералды тыңайтқыш дайындаудың төмендігі, Ұйғыр ауданында кейбір дақылдар көлемінің азайтылғаны, оның себебі мен салдарлары сөз болды.

– Бүгінгі жиында аграрлық саланың көптеген өзекті мәселелері айтылды. Бұл проблемалар облыстың ауыл шаруашылығында бірыңғай саясаттың жоқ екенін көрсетіп отыр. Бір аудан бір дақылды азайтса, екіншісі оны көбейтеді, қалыптасқан бір реттік жүйе жоқ. Сондықтан бұл жұмыста жіберілген олқылықтарды ескере келе, ауыл шаруашылығы саласын дамыту жоспарын өзектендіру керек, – дей келе облыс әкім Қанат Бозымбаев көктемгі егіс науқанын мерзімінде әрі сапалы өткізуге байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Жалпы Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 47 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде мал шаруашылығына – 21 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығына – 6,7 млрд., инвестициялық субсидиялауға – 12 млрд., су шаруашылығына – 2,5 млрд. және қайта өндеуге – 2 млрд. теңге, ауыл халқын несиелендіруге – 3,6 млрд. теңге қарастырылған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...