Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Зеленский Украинада ресейлік 9 мың әскеридің көзі жойылғанын айтты

Танымал

Ел аузында

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталған бір апта уақыттың ішінде 9 мыңға жуық ресейлік әскери қызметкердің жойылғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зеленский Ресей армиясының шығын санын атап, бір апта ішінде ресейлік әскерилердің жеке құрамының шығыны 9 мыңға жуық адамды құрағанын айтты.

«Біз басып кірушілердің бүкіл жоспарын күл-талқан еттік, олар бұған жылдар бойы дайындалды… Көбісі қаруларын тастай сала қайта үйлеріне қашып жатыр», – деді Украина президенті халыққа арнаған бейне үндеуінде.

Сөзін жалғай келе украин президенті Николаев бағытында өлген және жараланған әскерилерін алып кету үшін Ресей тарапына ондаған тікұшақ көмегінің қажет болатынын қосты.

«Бүкіл әскерлеріңді жинап, үйлеріңе тайып тұрыңдар. Өздеріңіздің өлгілеріңіз келмейтінін және әрі қарай өмір сүргілеріңіз келетінін басшыларыңызға жеткізіңіздер”, – деді Владимир Зеленский орыс әскерлеріне.

Ал Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәліметі мүлдем бөлек. Олар украин жерінде 498 сарбаз қаза тауып, 1 597 сарбаз жарақат алғанын айтады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда қанша балл жер сілкінісі болғаны анықталды

Алматыда 5 балл жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы...