Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Елімізде мектеп оқушылары мен әскерилер формасыз қалуы мүмкін

Биыл мектеп оқушылары мен әскерилер формасыз қалуы мүмкін. Өйткені тігін цехтарында мата жоқ.

Танымал

Ел аузында

Шикізаты шетелден алатын жеңіл өнеркәсіп енді тоқтатылады. Осыған орай елордалық кәсіпкерлер үкіметтен көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Доллар қымбаттаған сайын шағын және орта бизнес иелері не істерін білмей дал болған. 

Алты жылдан бері мектеп формасын тігіп келе жатқан астаналық кәсіпкер Әскер Башеевтің кәсібі дәл қазір тығырыққа тірелген. Америкалық валютаның қымбаттауы, соның кесірінен мата бағасының шарықтауы қолбайлау. Шүберек түгілі, иненің өзін өзге елден алдыртатын оған шетелдік әріптестері көк қағаз тұрақталмайынша, сауда-саттық жасамаймыз депті. Енді кәсіпкер тігін цехін жауып немесе жұмысшыларын қысқартуды ойлап отыр.

“Бағасы өссе, біздің заттарымыз, біздің өніміміз де өседі. Өнім өссе, ол сол бағаға сатылмаса, онда бідің кәсіпорында істейтін адамдардың санын да өзгертуге болады. Қысқартамыз ба, білмейміз енді”, – дейді кәсіпкер Әскер Башеев.

Қысылтаяң шақта жеке кәсіпкерлердің таңдауы бар. Ал мемлекеттен тапсырыс алып қойған делдал компаниялардың жағдайы тіпті мүшкіл. Олар жыл басында ескі бағамымен келісімшарт жасасып қойған. Енді шетелден келетін тауарлар күрт қымбаттап, өздері қызыл шығынға батқалы тұр. Тапсырыс берушілер жағдайды түсінгісі келмейді екен. «Он күнде орындамасаңдар, қара тізімге кіресіңдер» деп қорқытыпты.

“Қаңтар оқиғасынан кейін логистикада мәселе болып еді. Бұны шешкен сияқты едік. Енді доллардың қымбаттауы, Ресей шекарасының жабылуы қосылды. Екі апта бұрын принтер, компьютер, мөр басатын құрылғылар келуі керек еді, олар шекарадан аса алмай тұр. Оған қоса сатушылар жаңа бағада сатып алуды сұрап отыр. Ол ақшаны біз өз қалтамыздан төлеуіміз керек”, – дейді кәсіпкер Бекарыс Дәулен.

Ішкі нарық отандық кәсіпкерлердің сұрауын өтей алмайды. Себебі, шикізат шығаратын зауыт-фабрикалар жоқтың қасы. «Атамекен» палатасы кәсіпкерлерді түсінгенімен, қолдан келер шара жоқ. Бәрі АҚШ ақшасына қарап отыр. Жер үстімен тасымал азайса, онда теңіз бетімен логистика орнатамыз деген үміті бар. 

“Оған мораторий жариялау керек сияқты. Өйткені қара тізім деген бар. Соған жіберсе, екі жылға дейін одан шыға алмайды. Бұл үлкен күрделі мәселе болады. Өйткені ол басқа да конкурсқа қатыса алмайды. Баға оңдалғанымен. Екі мәселені көріп отырмыз. Ол біріншіден, мораторий жариялау керек”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Бейсен Жолболдиев.

Екіншіден, сметалық көрсеткіштерді қайта қарастыру керек. Қазір кәсіпкерлердің алдында екі сұрақ қана бар: не жұмысшы санын азайту, не тауарының бағасын екі-үш есеге көбейту. Ал оны қара халықтың қалтасы көтере ме, жоқ па, белгісіз.

Шағын және орта бизнес өкілдері келісімшарт міндеттемелерін орындай алмайтынын ашық айтты. Ресейге салынған санцкияның шарпып өтпейтін саласы қалмайын деп тұр. Медициналық, әскери, мектеп формалары бір бөлек, жақында жиһаз сататын дүкендерде де ештеңе қалмауы мүмкін. Ресей мен Беларусь елінің шекарасы жабылса, онда жабдық таситын логистика маршруты да тұралайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...